Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Кескінбаев жаңа қызметке тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Азамат Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлағанбыз.