Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын қайдан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM – 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына дәстүрлі жаңа жылдық құттықтау сөзін сөйлейді.

Jibek Joly
Коллаж: Kazinform

Мемлекет басшысының құттықтауы Астана уақытымен 23:48:34-те Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде және Kazinform агенттігінің сайтында көрсетіледі.

Мемлекет басшысының сөзін Jibek Joly радиосынан да тікелей эфирде тыңдауға болады.

Сондай-ақ елдің барлық өңірінде қоғамдық орындарда LED-экрандар орнатылып, көпшілік жиналатын орындарда да Президент құттықтауын тыңдауға және көруге мүмкіндік жасалады.

Соңғы жаңалықтар