16:49, 01 Қазан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы Атыраудағы жаңа нысандармен танысуды жалғастыруда
АТЫРАУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы жаңа нысандармен танысуды жалғастырды. Бүгін Елбасы салынып жатқан облыстық соттың әкімшілік үйінде болды.
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев Президентке облыстық соттың үйі жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынып жатқанын хабарлады. Оның жобалық құны - 499 миллион теңге. Құқықтық сот жүзеге асырылатын үйдің жалпы алаңы - 4 мың шаршы метр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және үй-жайларды әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Атыраулық судьялар жыл аяғында жаңа үйде қоныс тойын өткізеді деп жоспарлануда.