Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты

«Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.
Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!»- деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.