Мемлекет басшысы белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаевты «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады

; АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы К. Байсейітова атындағы Опера және балет театрында белгілі жазушы, қоғам қайреткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың 70-жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтуде.
None
None

 Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Елбасы жиында Ә. Кекілбаевты «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ә. Кекілбайұлының халқына бергенінен берері әлі де көп деп санаймын. Сондықтан да, бүгінгі той тек Ә. Кекілбайұлының ғана емес, күллі қазақ мәдениеті мен өнерінің, қазақ руханиятының тойы! Салтанатыңыз жарассын, саңлақ суреткер!  Тойымыз тойға ұлассын, ардақты ағайын!  Мен   бүгін  Ә. Кекілбайұлының халқы үшін атқарған қызметтерін, ерен еңбектерін ескере келе мынандай Жарлыққа қол қойдым: «Қазақстан Республикасын әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениет пен әдебиетті дамытудағы айрықша үлесі үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін!», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар