Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Бұл жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезінде оқылған БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның құттықтауы үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегіндеБҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры форумның табысты өткеніне тоқталып, жаһандық тұрақтылықтың сақталуы үшін дінаралық диалогты орнықтыру маңызды екенін атап өтті.