Мемлекет басшысы бюджет қаржысы игерілмеген өңірлерді сынға алды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы игерілмеген бюджет қаржысы тұрғысында өңірлерді сынға алды.

Мемлекет басшысы бюджет қаржысы игерілмеген  өңірлерді сынға алды

«Егер қаржы игерілмесе, оны игеруге қауқарлы өңірлерге қайта жіберу керек. Бір өңір екіншісінен алда болуы тиіс. Бұл барша әлемде қалыпты жағдай»,-деп атап өтті Елбасы.

«Қаржыны толық игергенге беру керек. Егер, тиісті өзгерістер керек болса, онда Парламентке барып өзгертейік»,-деп толықтырды бүгін Ақордадағы 2012 жылдың қорытындысын саралаған Үкімет отырысында Президент.