Мемлекет басшысы Фархат Әбдіхалықовты ЕурАзЭҚ жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі қызметіне тағайындады
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Фархат Шахафутдинұлы Әбдіхалықов Еуразия экономикалық қоғамдастығы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.