Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет Басшысы «Қазақмыс» компаниясы әлеуметтік серіктестік аясында салған Өскемендегі хоккей модулін аралады

ӨСКЕМЕН. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі жасанды төсемі бар хоккей модуліне сапар жасады. Оны әлеуметтік серіктестік туралы меморандум аясында «Қазақмыс» бірлестігі салған еді.

Мемлекет Басшысы «Қазақмыс» компаниясы әлеуметтік серіктестік аясында салған Өскемендегі хоккей модулін аралады

Атап өтейік, бүгінде аймақта хоккеймен айналысушылардың саны шамамен мың адамды құрайды, олдардың арасында әйелдердің үш командасы бар.

Бағасы 275 млн. теңгені құрайтын жаңа ашылған хоккей модулінің арқасында 320-дан астам балалар мен қыздар спорттың осы түрімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.

Осы арада аймақта спортпен айналысу үшін көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Тек өткен жылы Спорт сарайы жөндеуден өткізіліп, екі хоккей модулі салынды. Жақын уақытта Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха қалаларында хоккей модульдерін салу жоспарлануда. Осының барлығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жасалуда.