Мемлекет басшысы Қазақстан ғылымын үш тетік бойынша қаржыландыруды қолдады

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымын үш тетік  бойынша - базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруға қолдау білдірді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің ғылыми әлеуетін сақтап, дамыту үшін ғылыми инфрақұрылымға ылғи да қолдау көрсетуді, материалдармен қамтуды және ғалымдар арасында бәсекелестікті қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, мен ғылымды үш тетік   бойынша, атап айтқанда базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру жөніндегі сіздердің ұсыныстарыңызды қолдаймын», деді Елбасы бүгін Ақордада ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңесте қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде.

Президенттің  атап көрсетуінше, базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды, мүлікті ұстап тұруға арналған қаржыны, мемлекеттің тапсырмасы бойынша НЕОКР-ларды жүргізуге арналған материалдарға қаржыны, ғылыми дәрежесіне қарай ғылымның еңбегіне базалық жалақыға қажетті қаржыны, сондай-ақ әкімшілік персоналдың еңбегіне жалақыны қамтиды.

 «Гранттық қаржыландыруы ғылыми идеялардың нақты бәсекелестігін, шығармашылық әлеуеті жоғары ғалымды ынталандыруы тиіс. Бұл жүйе жұмыс істеп кетуі үшін жобаларды ғылыми- зерттеу институтының, орталықтың, комитеттің немесе министрліктің талап келісімінсіз-ақ, ғалым мен ұжым өздерінің ғылыми жобаларымен ғылыми кеңестерге тікелей өтініш жасай алуы тиіс. Уақыт өте келе бәсекелестік қандай ұйымдар барынша тартымды идеяларды ұсына алатындығын және елге пайда әкелетіндігін көрсетеді», деді Н. Назарбаев.

Елбасы бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру мемлекеттік маңыздағы көкейкесті проблемалдар мен міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осы орайда Президент мемлекет фундаментальді ғылымды, оның ішінде гуманитарлық ғылымдарды қаперден шығармайтынын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар