Мемлекет басшысы «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының президентін қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының президенті Владимир Школьникті қабылдады,
None
None

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

В. Школьник Президентті «Қазатомпром» ҰАК-ның ағымдағы жұмысынан, 2009 жылға арналған қаржылық көрсеткіштерінен хабардар етті. Жылдың қорытындысы бойынша операциялық қызметтердің есебінен күтілетін табыс 49 миллиардқа жуық теңгені құрайды - бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен үш есе артық.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысының анағұрлым жоғары шектегі отын-ядролық циклді дамыту жөніндегі, ұнтақтарды тексеру жөніндегі жұмыстар туралы, жылу бөлетін құрастырулар дайындау жөніндегі өндірісті ұйымдастыру туралы тапсырмаларының орындалуы жайы сөз болды.

- Мен балама энергия көздерін дамыту туралы баяндадым. Компания, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен, күн және жел энергетикасын дамыту, жылу насостары өндірісі жөніндегі жұмыстарды күшейту ниетінде. Бізде сирек кездесетін металл мен жердегі сирек металл өнімдерін дамыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. 2010 жылғы бірінші тоқсанда жапониялық «Тошиба» және «Сумитомо» компанияларымен екі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қоюға әзірліктер жүргізілуде, - деді журналистерге арналған брифингте В. Школьник.

Соңғы жаңалықтар