Мемлекет басшысы ҚР ІІМ-не тергеу және криминалдық полиция қызметтерін біріктіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға баса назар аударуға тапсырма берді

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен Алқа отырысында құқық қорғау ведомствосына тергеу және криминалдық полиция қызметтерін біріктіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға баса назар аударуға тапсырма берді.
None
None

«Бүгінде біз Тергеу комитетін реформалауды жүзеге асырудамыз. Елорда мен Алматы облысында тергеу және криминалдық полиция қызметтерін біріктіру жөніндегі ілкіжобаны жүзеге асыру қажеттілігіне баса назар аудару қажет. Оның нәтижелері бойынша шешім қабылдаймыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар