Мемлекет басшысы КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

СТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,
None
None

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Президенттің жеделхатында қазақ сахна өнерінің хас шебері, сирек дарын иесінің ерен еңбегі атап өтілген.

Өзінің үздік дарынының арқасында, Фарида Шәріпова театр өнерінің жетекші мамандары сапында болып, Қазақстанның ұлттық өнерінің дамуына орасан үлес қосты. Сахна мен кинода ол сомдаған бірталай бейнелер көрермендер жүрегінде өшпес із қалдырды.

Оның бойындағы дарын мен еңбекқорлық жоғары адами қасиеттерімен ұштасатын. Ол өзінің актерлік мектебін құрып, көптеген ізбасарларын дайындап кетті.

Ф.Шәріпованың өнері әр кез қоғам тарапынан жоғары бағаға ие болатын.

Оның көпқырлы жарқын бейнесі біздің халықтың жүрегінде мәңгіге қалады, - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар