Мемлекет басшысы: Менің ЕАЭО-ға деген көзқарасым өзгерген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналарға берген сұхбатында белгілі бір қиындықтарға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың болашағына үлкен үмітпен қарайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Президентінің айтуынша, көршілес мемлекеттерде түрлі сұрақтардың туындауы заңды. Дегенмен оны бірлесіп шешу қажет.

«Қазір дағдарыс, сауда көлемі төмендеді. Осының барлығы сұрақтар тудырады, «осы бізге керек пе еді?» деген. Одақ керек, себебі қазір біздің мемлекеттер арасында кедендік шекара жоқ. Адамдар, тауарлар, қаражат еркін алмаса береді. Қазақстандықтар Ресейде кәсіпорын аша алады, ресейліктер Қазақстанда, Беларусьта, Қырғызстанда, тағы сол сияқты», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, еркін қозғалыс - бұл үлкен игілік. Бұл - мемлекеттердің дамуы, экономикалардың өркендеуі.

«Мен ауқымды әрі терең қарауға тырысамын. Барлық қиындықтар, қазір бізде бар, өнеркәсіптік дағдарыс, тауар бағаларының қымбаттауы, бұлардың барлығы бір күні өтеді, саябырсиды, орнына келеді. Сол кезде біз ары қарай кеңейе береміз. Егер Еуразиялық экономикалық одақ жақсы жұмыс істеп кетсе, Еуропалық одақ та бізбен әріптестік орнатуға қызығушылық танытатынына сенімдімін», - деді ол.

Президенттің мәліметтері бойынша, 40-қа тарта мемлекет ЕАЭО-тың бақылаушысы болғысы келеді.

«Неге? Себебі бұл - 180 миллиондық нарық. Мұндай нарық барлығына қажет. Еуропалық одақта да қиындықтар бар. Қайшылықтар болмаса, Англия одан шықпас еді. Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы бағыты дұрыс, бірақ тоқтап қалмай, оның негізін нығайтуды жалғастыра беруіміз керек», - деп түйді ойын Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар