Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауының маңызы ерекше - ҚазАТУ ұстазы

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 17 қаңтарда Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор Жолдауын жариялады. Бұл туралы бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жолдауды түсіндіруге арналған кездесуде философия кафедрасының оқытушысы Аманжол Ахметбеков айтты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауының маңызы ерекше - ҚазАТУ ұстазы

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында басты мақсат мықты мемлекет негізінде әлеуетті қоғам, дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру екенін баса айтты», - деді А.Ахметбеков. Оның айтуынша, Жолдауда индустриялды-инновациялық даму, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді инновацияландыру мәселелері ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаһандық агрошаруашылықта бәсекелестіктің тек өсе беретінін, сондықтан Жер-ананың бауырында жаңа технологиялармен қаруланған, еңбек өнімділігін үнемі арттырып отыратын және барлық әлемдік стандарттар бойынша әрекет жасайтын адамдар ғана жұмыс істейтінін атап өтті.