Мемлекет басшысы Николя Саркозиге көп жылдар бойы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қосқан еңбегі үшін алғысын білдірді

Жоғары МәртебеліІ
Сізге көп жылдар бойы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қосқан орасан еңбегіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Сідің күш-жігеріңіздің арқасында елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастық аз уақыт ішінде стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Өзіңіздің бастамаңызбен және жеке қолдауыңызбен екі мемлекет арасында көптеген бірлескен маңызды және көлемді экономикалық жобалар іске асырылуда.
Сіз еліңізде дағдарыс кезеңінде кең ауқымды және өзекті реформаларды жүзеге асырған мемлекеттік қайраткер ретінде бүкіл әлемге танымал болдыңыз.
Бай тәжірибеңіз бен толассыз қуатыңыз Франция мен Еуроалық Одақтың игілігі үшін әлі де пайдалы болатынына сенімдімін.
Арамызда орнаған жеке достық қарым-қатынастарымызды өте жоғары бағалай отырып, ынтымақтастығымыз болашақта да жалғасын табады деп үміттенемін.
Қымбатты досым, Сізге жаңа жетістіктер мен табыстарды тілеймін.
Біздің достығымыз жалғасын табуы керек. Мен Қазақстанда немесе кез келген өзге жерде болатын кездесуімізді қуанышпен күтемін.
Ізгі ниетпен,
Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда