Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың Бас жобасы ғылыми-зерттеу жобалау институты» МКК-да болды
ТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астананың Бас жобасы ғылыми-зерттеу жобалау институты» МКК-да болды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысының назарына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған Салтанатты қақпаның кескіндемелік жобаларын ұсынды. Сонымен қатар елорда әкімі Президентке қала құрылысы жобаларының жүзеге асырылу барысы жайлы да баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев құрылысы жүріп жатқан «Астана Медиа Орталық» телерадио кешенін де аралап көрді. Кешеннің жалпы аумағы - 75,5 мың шаршы метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блоктар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радиотарату блогы, 1 000 орындық киноконцерт залы, ұлттық медиа-мұрағаттың аппараттық кешені бар. Орталықтың негізгі мақсаты - мемлекеттік телеарналардың техникалық базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік сандық телевидение мен радиотаратуға өту, электронды медиа-мұрағатты құру.