Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министріне ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды

СТАНА. Мамырды 11-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министріне   ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды

А.Жұмағалиев Президентке отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.

Кездесудің барысында, сондай-ақ Қазақстанда сандық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.

- Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды, - деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.