Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 67 жылдық мерекесімен құттықтады

Уақыт өткен сайын адамзат тарихының осы қайғылы беттерін барынша терең түсіне түсесің. Бүкіл әлем 50 млн. астам адамынан айырылды. Оның ішінде Қазақстаннан 1 млн. 800 мың адам майданға аттанып, шамамен жартысы қайтып оралған жоқ. Біз олардың сіңірген еңбектерін атап өтеміз. Олар азайып барады, сондықтан оларға көмектескіміз, әңгімелескіміз келіп, Отанды қалай сүю керектігін үйренуді қалаймыз. Біздің мақсатымыз ардагерлерге тек қана материалдық көмек көрсету ғана емес, ең негізгісі - оларға қамқорлық көрсету, қарапайым адами назар аудару - ең бастысы. Міне осы аса қажет», - деді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы күндері балаларымызды ескерткіштерге ертіп апарып гүл шоқтарын қойғызып, мұражайлардағы тарихтан сыр шертетін жәдігерлермен таныстырып, ата-бабаларымыздың ерліктерін үйренуге, мәңгі есте сақтауға баулуымыз қажеттігін баса айтты.
«Біз жеңімпаз аталар мен әкелердің перзенттеріміз. Олардың Жеңістерінің арқасында біз бақытты өмір сүрудеміз, армандаймыз, қалағанымызды істейміз, балаларымызды тәрбиелейміз, сондықтан да ардагерлерге зор құрмет. Мерекелеріңізбен, ардагерлер»,- деп атап өткен ҚР Президенті майдангерлерге денсаулық, ұзақ өмір тіледі.