Мемлекет басшысы «Парыз - 2009» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкурс комиссиясының шешіміне сәйкес, биылғы байқаудың гран-при иегері «Торғай-Петролиум» акционерлік қоғамы атанды. Президент осы кәсіпорынның басшысы Абзал Айдарбаевты құттықтап, «Парыз-2009» сыйлығының «Бизнестің әлеуметтік көшбасшысы» бас жүлдесін табыстады. Сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнес құрылымдары бойынша табысталған «Парыз - 2009» сыйлығының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында «Қарасу НАН» ЖШС, «Абзал и К» кәсіпорны, «Тараз Көксу сервис» ЖШС, «Береке - А» корпорациясы, «Родина» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, «Exworks-trade association» ЖШС, «ТрансМостГрупп» ЖШС және «Ақтөбемұнайгаз» АҚ жеңімпаз атанса, «ҚазақОйл - Ақтөбе» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазМұнайГаз - Сервис Компас» ЖШС, «Ақкейік» ЖШС, «Орал Дизайн - стройсервис» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Б.В.» кәсіпорны, «Нусипов и К» ЖШС, «Дан» және «Асеева» кәсіпорны «Үздік ұжымдық шарт» сыйлығына ие болды. Ал «Оңтүстік - Шығыс қызмет тобы» ЖШС, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қаркен» ЖШС, «Қармақшы» корпорациясы, «Достық» кәсіпорны, жеке кәсіпкер «Зиновьев С.В.», «Наурыз - СИМ» ЖШС және «Галлахер Қазақстан» ЖШС «Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын» аталымында үздік деп танылды.
«Биылғы «Парыз - 2009» конкурсына қатысушылардың саны артып отыр. Бұл бизнес құрылымдарының әлеуметтік салаға көрсетіп жатқан қамқорлықтың артқандығын көрсетсе керек. Бүгін мен «Парыз» жеңімпаздарын арнайы құттықтау үшін келіп отырмын. Сіздерді құттықтап, қошемет көрсету арқылы мен барлық бизнес құрылымдарына ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Н.Назарбаев «Парыз - 2009» сыйлығын тапсыру салтанатында.