14:43, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жатығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жатығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң кепілдендірілген трансферттің Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорынан республикалық бюджетке жолдануын қарастырады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.