Мемлекет басшысы Шымкенттегі 35748 әскери бөліміне әскери ту табыстады

МКЕНТ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мемлекет басшысы Шымкенттегі 35748 әскери бөліміне әскери ту табыс етті.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі  35748 әскери бөліміне әскери ту табыстады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында бірінші кезекте Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөліміне барды.

Бұл жерде ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери бөлім командирі полковник Нұрлан Қашағановқа әскери туды салтанатты түрде табыс етті.

«Қазақ әскері әрдайым егемен елдің тыныштығын күзетеді. Бүгін құрлықтағы әскерге қарайтын тағы бір әскери бөлім өзінің бас жәдігері, абыройы, айбыны мен даңқына ие болды. Осы жалау астында мемлекеттің азаматтары Отан мен оның тәуелсіздігін күзетеді , - деп атап өтті өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев.

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Н.Назарбаевты қазақстандық әскердің құрлықтағы әскери бөліміне қарасты әскери гарнизонның жауынгерлік дайындығы және инфрақұрылымын таныстырды.

Әділбек Жақсыбеков атап өткендей, Қазақстан Республикасы әскери күштерінің дамуында Шымкент өте маңызды бағытқа ие. Осыған байланысты жаңа әскери бөлім заманауи әрі сенімді жауынгерлік керек-жарақпен қамтылған.

Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы әскерлердің жағдайымен танысып, асхананы, казарма мен мәдени-демалыс орталығын аралап көрді. Мемлекет басшысы оқу-жаттығу корпусында оқу және жаттығу сыныптарымен танысты.

Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әскери көліктер саябағының технологиялық желі элементтері көрсетілді.

Мемлекет басшысы бөлім құрамын әскери тудың табыс етілуімен құттықтап, анты мен әскери борышына адалдығы үшін әскерлерге алғыс айтты.