Мемлекет басшысы Сингапурдың Президентін Достық орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Президенті Халима Якобты «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Сингапурдың Президентін Достық орденімен марапаттады

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді», - деп жазды ақпарат көзі.