Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы «ТелиаСорена» компаниясының президентін қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ТелиаСорена» компаниясының президенті Ларс Нибергті қабылдады,

Мемлекет басшысы «ТелиаСорена» компаниясының президентін қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ТелиаСорена» мәліметтерді магистралдық беру және ұялы байланыс саласындағы телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады. Ол 2002 жылы финдік «Сорена» компаниясының шведтік «Телиа» компаниясына қосылуы нәтижесінде құрылған. Компания мен оның еншілес кәсіпорындары Швецияда, Финляндияда, Норвегияда, Данияда, Балтық елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азияда, Түркияда, Ресейде 80 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді.«ТелиаСорена» Қазақстанда көшбасшы болып отырған «GSM Казахстан» - ұялы байланыс операторының 51 пайыз акциясының иесі «Финтур Холдинг БВ» компаниясының 74 пайыз акциясын иеленеді.