Мемлекет басшысы Түркия Президентіне елдің оңтүстік-шығысындағы террорлық әрекет құрбандарына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
ТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге елдің оңтүстік-шығысындағы террорлық әрекет құрбандарына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Юксекова және Чукурджада террорлық әрекет салдарынан түрік әскерлерінің қаза тапқаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бауырлас Түркияның басынан кешіп отырған осы орны толмас қасіретті Қазақстан халқы да бөліседі. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.