Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысының алдына бірқатар нақты міндеттерді қойды
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында ҰҚШҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық және Ұйымға Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Мемлекет басшысы Ұйымның Бас хатшысының және оның жұмыс органдарының алдында тұрған алдағы іс-шараларға дайындыққа қатысты бірқатар нақты міндетті атап көрсетті.