Мемлекет басшысы заңға қол қойды
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың заңнамасын «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның нормасына сәйкес келтіруге бағытталған
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.