Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпір барысында Индустрияландыру картасының жаңа жобаларын іске қосады

 АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - 25 желтоқсан күні Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасының жобаларын ұсыну бойынша жалпыұлттық телекөпір өтеді.

Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпір барысында Индустрияландыру картасының жаңа жобаларын іске қосады

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

 «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алдын ала қорытындыларын шығаратыны, сондай-ақ алдағы уақытқа жаңа міндеттерді белгілейтіні жоспарлануда», - деп атап өтті А.Әбибуллаев.

 Жалпыұлттық телекөпірдің аясында сондай-ақ, «Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары» атты жыл сайынғы байқауларының лауреаттарын марапаттау рәсімі жоспарланып отыр. Байқаулардың жоғары жүлделері - «Парыз» гран-приін және екі «Алтын сапа» арнайы сыйақысын Президенттің өзі тапсырады.