Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы Жарлығының қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған актив жиналысы өткізілді

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыс әкімдігінде «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысы Жарлығының қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған актив жиналысы өткізілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Жарлығының қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған актив жиналысы өткізілді

Актив жұмысына құқық қорғау, бақылау-қадағалау, облыстық сот басшылары, бүкіл қала және аудан әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Активте облыс прокуроры Болат Абдолов Президенттің Жарлығын және оның қағидаларын жүзеге асыру үшін алдағы тұрған құқық қорғау мен жергілікті атқару органдарының міндеттері туралы әңгмеледі.

Өз сөзінде облыс прокуроры алдағы жаңартудың қазіргі уақыт талабына сай екенін атап көрсетіп, қабылданған Жарлықтың мазмұны құқық қорғау органдардың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге, оларға тән емес функцияларды алып тастауға және олардың құзіретін неғұрлым нақты бөлуге, қызметкерлердің штат санын оңтайландыруға, қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға бағытталғанына басты назар аударды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін болдырмау және бақылау-қадағалау функциялары бар мемлекеттік органдарды одан әрі қысқарту түрінде бизнеске қысым жасауды азайту шаралары қарастырылған.

Құқық бұзушылықтың профилактикасына, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйіне, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарды сауықтыру және оңалту бойынша атқарушы билік органдарының жауапкершілігі едәуір арттырылады.

Басталған реформаның басым бағыты - қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мақсатында кейбір қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту болып табылады.