Мемлекет басшысы жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Иран Президентіне көңіл айтты
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан адам қазасына әкеліп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар құрбан болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым.
Табиғат апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Иран халқына Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді білдіреміз, - делінген жеделхатта.