Мемлекет Басшысын «Сары-Арқа Автопром» зауытында шенеуніктерге арналған отандық автомобильдердің құрастырылуы қызықтырды
ҚОСТАНАЙ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ мен «СарыАрқа Автопром» ЖШС-не барды.
Мұнда Елбасы қуаттылығы жылына 25 мың машина болатын жаңа өндіріс алаңының құрылыс жоспарларымен танысты. ҚР Президентіне Қостанай зауытында құрастырылатын автомобиль модельдері көрсетілді.
Н.Назарбаевты атап айтқанда шенеуніктерге арналған автомобильдер қызықтырды. Зауыттың басшылығы бұл машинаны өндірістің мақтанышы ретінде сипаттады.
«Сары-Арқа Автопром» ЖШС-нің жұмыскерлерімен әңгімелескен ҚР Президенті: «Бұрын Қазақстанда машина жасау саласы мүлдем болмаған еді, және осындай өндірістердің пайда болуына қуанбасқа болмайды. Сіздердің жалақыларыңыз жақсы, ал зауыт өндірісін ұлғайтатынына үміттенемін. Қазақстан көп ұзамай ДСҰ-на кіреді, сондықтан мұндай зауыттардың өнімдері бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бұл ретте әлем алға жылжып отырғанын және өндірістің жаңа заманауи әдістерге өту қажеттілігін ұмытпау керек», - деп атап өтті.
Жұмысшылар ҚР Президентіне қолдауы мен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен естелік фотосуретке түсті.