Мемлекет басшысына Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2008 жылғы жұмысы туралы есеп ұсынылды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсыновты қабылдады.
None
None
ҚазАқпараттың ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сағынбек Тұрсынов Мемлекет басшысына Комиссияның 2008 жылғы жұмысы туралы есеп ұсынды.- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Комиссия 3 жылдық іс-қимыл жоспарын жасады. Біздің жұмысымыз БҰҰ мен ЕҚЫҰ тарапынан жоғары баға алды. Енді біздер адам құқықтарын қорғау саласын одан әрі жетілдіру тетіктерін табуымыз керек, - деді Сағынбек Тұрсынов.
Соңғы жаңалықтар