12:25, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысының аты-жөні берілетін білім нысандары 2010 жылдың ортасында таныстырылатын болады
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөні берілетін Астанадағы халықаралық жаңа университеттің, мектептің және ғылым қорының таныстырылымын 2010 жылдың ортасында жасауды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көрсетілген мерзімде бұлар жұмыс істейтін нысандар болуы керек және олар 2020 жылғы еліміздің даму бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру картасының құрамдас бөлігі болуы тиіс», деді Үкімет басшысы орынбасары Ербол Орынбаевқа қаратып айтқан сөзінде.
Премьер-Министр аталмыш нысандарға Мемлекет басшысы өзінің аты-жөнін беруге келіскендіктен, олардың таныстырылымына дайындық деңгейі де мүлдем басқаша болуы тиістігін қадап айтты.