09:02, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда
ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.

Кеше Теректі ауданындағы өсімдік майын өндірумен айналысатын «Батыс Күнбағыс» АҚ-да, сондай-ақ Орал қаласындағы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да болған Елбасы, бүгін өңірдегі танымал өндіріс орындарының бірі - «Оралагрореммаш» АҚ-ға ат басын тіремек. Елбасы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қолға алынып жатқан жобалар барысымен таныспақ. Осы орайда өңір кәсіпкерлерімен жүздесіп, мәселенің бүге-шігесіне көз жеткізбек.
Елбасы сонымен қатар Орал қаласында салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде болмақ. Бұған дейін еліміз өңірлерінде осындай алты мектеп жұмыс жасап тұрса, Оралда жетекші жетінші білім ордасы іске қосылмақ.