Мемлекет басшысының «KEGOC» президентімен кездесуі барысында әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында электр энергиясы саласын дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының президенті Қанат Бозымбаевты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қ.Бозымбаев компанияның 2008 жылғы және биылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады.Кездесу барысында әлемдік қаржы дағдарысының тигізер кері әсері жағдайында Қазақстандағы электр энергиясы саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ компания ағымдағы және алдағы жылдарда жүзеге асыруды белгілеген инвестициялық жобалар талқыланды.- Барлық жобаларымыз Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Ел экономикасына қажетті энергетика нысандарын құру үшін Үкіметпен және біздің акционеріміз ? «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс жасаймыз, - деді Қ.Бозымбаев.