Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде кадрлық өзгертулер болды
Аамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде кадрлық өзгертулер болды.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Өкімдерімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;
Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Нұржан Рахметханұлы Жігітеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.