Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалды
АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын», - делінген Жарлықта.
Жарлыққа сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Ал облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасау және дұрыстығын қамтамасыз ету, орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету жүктелді. Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президент Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 4 ақпан. №1149