12:51, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет есебінен пайдаға батуды көздеген бизнесмендер істі болды
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы мемлекет есебінен пайдаға батуды көздеген бизнесмендердің үстінен қылмыстық істер қозғады,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.Мәселен, Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-дан жасанды құжаттар арқылы 30 миллион теңгеге несие алып, кейін оның мақсатты игерілуі жөнінде жалған мәліметтер беріп келген С. есімді жекеше кәсіпкерді әшкерелеп, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы, 3-ші тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Қаржы полициясы, В. есімді ЖШС-ның директоры У. есімді басқа ЖШС-ның басшысын жаңылыстырып, «Шағын бизнесті дамыту қоры» АҚ Мемлекеттік қордан 44 миллион теңгеге несие алып, оны мақсатсыз жаратқанын анықтады. Бұл кәсіпкер де осындай «тапқырлығы» үшін заң алдында жауап беретін болады. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 194 бабы 1 тармағы (заңсыз несие алу және оны мақсатсыз пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.