Мемлекет инновациялық жобаларды қолдайды - Индустрия және сауда министрі

ЛОДАР. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мемлекет инновациялық, экспортқа бағытталған, экологиялық өндірістердің жобаларын қолдайды.
None
None

Бұл туралы Павлодарда өткен кеңесте Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті. Бюджет қаражатына несиелердің бір бөлігі субсидияланатын болады, жаңа өндірістердің инфрақұрылымдары құрылады және кадрлар дайындалады.

Кәсіпкерлердің және аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен кеңес министр Әсет Исекешевтің ақпанның 16-сында Павлодар облысына жасаған сапарын қорытындылады.

Елді индустриялық-инновациялық дамыту мәселесіне арналған кеңесте атап көрсетілгендей, аймақта жалпы сомасы 875 миллиард теңгенің 42 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың 12-сі республикалық Индустрияландыру картасына еніп отыр. Ағымдағы жылы аймақта жалпы сомасы 152 миллиард теңгенің 24 жобасы аяқталады, оның 10-ы бірінші жартыжылдыққа жүзеге асады.

Индустрия министрі кеңесте «Бизнестің Жол картасы-2010» бағдарламасы, «қазақстандық қамту» мәселесін әрі қарай дамыту жайы туралы әңгімелеп берді.

Ә.Исекешев, сондай-ақ «Қазақтелеком» және «Қазэнергокабель» компанияларының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар