Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығы жобасы жүзеге асуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының «Азаматтық пікір орталығы» қоғамдық бірлестігі «Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығының деңгейін арттыру» бағытындағы жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

Аталған жоба 2017 жылдың сәуір-қазан айлары аралығын қамтиды. Мақсаты қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың және бастамашыл қоғамдық топтардың мемлекет өмірінің түрлі әлеуметтік салаларында қоғамдық бастамаларды қолдайтын мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастығының деңгейі мен сапасын арттыру.

Жобада қамтылатын негізгі міндет - мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестігінің қазіргі жағдайдағы тиімділігін талдау. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестігін күшейтуге бағытталған қоғамдық пікір алмасулар мен семинарлар өткізу, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестігін күшейту және олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жасау қарастырылады. Жоба аясында өзара тиімді ынтымақтастықтың тетіктерін әзірлеу де көзделеді.

Сонымен қатар, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығының деңгейін арттыру жобасы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік серіктестігі саласындағы өзара іскерлікті талдау және жетілдіру жолы арқылы қалыптасқан жағдайды көріп, сараптауға бағытталған. Ұсынылып отырған зерттеудің өзектілігі сыртқы және өзге де әрекет етуші факторлардың ықпалын ескере отырып қазіргі уақыттағы азаматтық қоғамның талаптарына сай анықталады. Бұл жаңа стратегияны анықтауға және осымен қатар әлеуметтік даму саласындағы орындалып жатқан жоспарларға өзгеріс енгізуге септігін тигізеді.

«Жоба алдыға қойған мақсаттарына қол жеткізсе, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы рөлі жайлы жұртшылықтың және тұрғындардың хабардар болу деңгейі арта түсетін болады. Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге қосатын әлеуеті де арта түспек. Бұл өз ретінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығының көрсеткіші болып табылады және мемлекеттік құрылымдар мен Азаматтық қоғам институттарына деген сенімді арттырады», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар