Мемлекет тарихы институты 3 жылдың ішінде ел Тәуелсіздігіне арналған 50-ден астам кітап шығарды

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты 3 жылдың ішінде ел тәуелсіздігіне арналған 50-ден астам кітап шығарды. Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында аталған институт директорының орынбасары Жанна Қыдыралина мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда біз Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын зерделеуге бағытталған бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Үш жылдың ішінде бізде 50-ден астам түрлі басылымдар, ғылыми және оқу әдебиеттері жарық көрді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, олардың қатарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған оқулықтар, монографиялар, тарихи-деректі зерттеулер, тарихи хроникалар, хрестоматиялар бар.

Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері және шетелдік ғалымдардың қатысумен өткен жиын барысында бірқатар басылымның таныстырылымы өтті. Тұсауы кесілген еңбектер қатарында «Қазақ хандығының тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», 3 томдық «Қазақстанның жаңа тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан және Ұлт көшбасшысы», «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама құжаттары», «Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Оқиғалар хроникасы» сынды кітаптар бар.

Соңғы жаңалықтар