10:33, 06 Қазан 2022 | GMT +5
Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар тұлға ұстағаны абзал – ҚР Еңбек Ері
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар тәжірибелі тұлға ұстағаны абзал. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар, еліміздің өткенін, бүгінін, халықтың жағдайын терең білетін тәжірибелі тұлға ұстағаны абзал. Ол – біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Ұстаз, ана, әже ретінде өздеріңізге ақылымды қосып, бағыт-бағдар беру – парызым», - деді ол елордада өтіп жатқан AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.
Съезд барысында AMANAT партиясының – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынған еді.
Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр.
Фото:sn.kz