13:02, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қарағандылық Ресейде ұсталды - ІІМ
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекетаралық іздеуде жүрген қарағандылық Ресейде ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Ресей Федерациясы Липецк қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының жедел уәкілдерімен бірлесіп, 2005 жылдық 15 сәуірінде 17 жастағы қызды өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады», - деді ол.
Ресми өклідің атап өтуінше, күдікті зорлық жасағанын жасыру мақсатында 10 сынып оқушысын өлтірген. Оқушының дене жарақаты бар мәйіті қала көшелерінің бірінен табылған.
«Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деді Н.Ораз.