Мемлекетаралық іздеудегі қандықол қылмыскер сұлулық салонында ұсталды

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ақпараты бойынша қандықол қылмыскер Абдуллаева желтоқсанның 4-і күні Алматы қаласының «Дорожник» шағын ауданындағы пәтерде өзінің жерлестеріне қатысты, яғни екі кәмелетке толмағандарды өлтіргені және әйел адам мен кішкентай қызға пышақ жарақатын салып, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде мемлекетаралық іздестіруге жарияланған болатын. «Алматы қаласы ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері және Ташкент қаласының құқық қорғаушылары оны Ташкент қаласындағы сұлулық салондарының бірінде ұстады. Қазіргі кезде Абдуллаеваны одан әрі қылмыстық қудалау мәселесі шешілуде», - дейді Қ.Жұманов