Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының мүшелері Сырдария ресурсын пайдалану лимитін талқылады

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Шымкентте Орталық Азияның Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссияның мәжілісі өтеді,

Мемлекетаралық үйлестіруші су  шаруашылығы комиссиясының  мүшелері   Сырдария   ресурсын    пайдалану    лимитін  талқылады

деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Комиссияның құрамына аумақтары арқылы Сырдария өзені ағатын төрт мемлекеттің - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері кіреді. Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Олардың негізгі мақсаты - трансшекаралық өзендердің сулары пайдаланылуын үйлестіру.

Бүгінгі жұмыс кездесуінің барысында тараптар әрбір республика және жалпы аймақ үшін судың тұтыну лимитін бекітеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, комиссия өзен бойында орналасқан су қоймаларының жұмыс режимдерінің кестелерін қабылдайды.

Ал ертең бірқатар құжаттарға қол қойылады.