Мемлекетке 32 млн. астам теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Салық декларацияларына кіріс-шығыс туралы бұрмаланған мәліметтер енгізу арқылы мемлекетке 32 527 393 теңге төлеуден жалтарған «Динас» ЖШС директоры Н.Голованова Орал қалалық сотының үкімімен 1 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болды.

Мемлекетке 32 млн. астам теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Н.Голованова сондай-ақ екі жылға кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығынан айрылып, оған 200 АЕК немесе 233 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ одан 32 527 393 теңге өндіріліп алынды.