Мемлекетке 530,4 млн. астам теңге шығын келтірген «Пойма астық қабылдау пункті» ЖШС директоры қамауға алынды - БҚО

ОРАЛ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Теректі аудандық сотының шешімімен ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағымен «Пойма астық қабылдау пункті» ЖШС директорына қатысты қамауға алуға санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды.
None
None

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеу алды тексеру нәтижесінде «Пойма астық қабылдау пункті» ЖШС директорының 2012 жылдың сәуір мен тамыз айы аралығында өзгенің мүлкін ұрлау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға тиесілі жалпы салмағы 13 миллионнан астам тоннаны құрайтын бидайды жымқырғаны анықталды.

 Сөйтіп «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға жалпы сомасы 530 459 200 теңгені құрайтын, аса үлкен мөлшерде материалдық шығын келтірілген.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

 Қылмысқа қатысты деген күдікті ұсталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

 Теректі аудандық соты күдіктіні 10 күнге қамауға алуды  санкциялау туралы қаулы шығарды.

Соңғы жаңалықтар