14:05, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мемлекетке қаржылай залал келтіргені үшін бұрынғы мектеп директоры айыпты деп танылды
ОРАЛ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Әлібек Айтқалиевке қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азамат Бөкей ордасы ауданы Жәңгір хан атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарған кезде 2007 жылы білім ордасын күрделі жөндеу барысында мердігер «Эксперимент» ЖШС-мен 45,8 млн. теңгеге келісім-шарт жасасқан. Алайда жұмыстың толық көлемде орындалмағанын біле тұра қаржыны аударып жіберген. Сөйтіп мемлекетке 6,8 миллионнан астам теңге залал келтірген.
Бөкей ордасы аудандық соты Ә.Айтқалиевті ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлімі және 314-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, ҚР ҚК 69-бабы 1-бөлімі «а» тармағына сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға үкім етті.