Мемлекетке сыйға тартылған қымбат көлік қайда кетті - Қаржы вице-министрінің жауабы

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекетке сыйға тартылған Bentley Bentayga көлігі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Кazinform.

  Bentley
Фото: telegram/protenge

«Басылым беттерінен автокөлік сатуға қатысты ақпаратты көрдім. Автокөлік былтыр шілдеде келісімшарт арқылы 40 млн теңгеге сатылып, қаржы мемлекет бюджетіне түсті. Айта кетерлігі, қымбат автокөлік ешқандай мемлекеттік органға берілген жоқ, ол аукцион арқылы сатылды және қаржы бюджетке кетті. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Кім сатып алғанын айта алмаймын», - деді Ержан Біржанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін Protenge Telegram каналында 2017 жылы мемлекетке Bentley Bentayga көлігі сыйға тартылғаны туралы материал жарияланған.

Соңғы жаңалықтар
telegram