Мемлекеттердің ұлттық егемендігіне қатысты халықаралық құқық нормаларын жетілдіру қажет - ҚР Президенті

Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Мемлекеттердің ұлттық егемендігіне қатысты халықаралық құқық нормаларын жетілдіру қажет.
None
None

Мұндай мәлімдемені ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясында жасады.

«66 жыл бұрын БҰҰ «оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі қағидасына» негізделген ұйым ретінде құрылған еді. Бірақ ұлттық егемендік пен территориалдық біртұтастық қағидалары кей кездері бұзылып жатқаны байқалуда. Ол ұлттар арасындағы сенімге нұқсан келтіруі мүмкін», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, жаңа өмір шындығын есепке ала отыра, ішкі шиеленістерді реттеудегі әлемдік қауымдастықтың араласуының заңдылығының шектерін нақтылап алу қажет.

Соңғы жаңалықтар